2022 жылдың 9 қарашасындағы конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы болып Табынчаев Өсербай Ырысбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өсербай Ырысбайұлының білімі жоғары, мамандығы - биология пәнінің мұғалімі және педагог-психолог.
Еңбек жолын 2000 жылы Жаңаөзен қаласының №14 орта мектепте химия пәні мұғалімі болып бастады.
2002-2003 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының шығармашылық үйінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, 2003-2004 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық педтехнология орталығында химия-биология пәні әдіскері, 2004-2005 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы, 2005 жылы Маңғыстау облысының білім департаментінің маманы, 2005-2006 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық педтехнология орталығында әдіскер, 2006-2008 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының №2 орта мектептің директоры, 2008-2009 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының №12 бастауыш мектептің директоры, 2009-2015 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының гимназия-мектебінің директоры, 2015-2017 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының №18 мектептің директоры, 2017-2018 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, 2018 жылдан-қазіргі таңға дейін Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының әкімі қызметін атқарды.
Голрох Жеменей